"Олар жеңілісін мойындады" - Ирак премьері ДАИШ-ты жеңгенін мәлімдеді

22 Маусым 2017, 09:26
0
"Олар жеңілісін мойындады" - Ирак премьері ДАИШ-ты жеңгенін мәлімдеді - © REUTERS
© REUTERS

ДАИШ лаңкестерінің (Қазақстанда тыйым салынған) Мосулдағы ан-Нури мешітін жарып жіберуі олардың өз жеңілісін мойындауы. Бұл туралы Ирактың премьер-министрі Хайдер әл-Абали мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"ИМ-ның (ДАИШ) ан-Нури мешітін және әл-Хабда ғибадатханасын жарып жіберуі - олардың жеңілісті ресми мойындауы", - деп келтіреді Ирак премьерінің сөзін баспасөз қызметі. 

Сәрсенбіде Ирак әскерилері ДАИШ содырларының Мосулдағы әл-Нури деген басты мешітті және оның маңында орналасқан әл-Хабда ғибадатханасын жарып жібергенін хабарлаған еді. Дәл осы жерде Әбу Бакр әл-Багдади 2014 жылы ДАИШ "халифатын" жариялаған еді. Мешіт пен ғибадатхана радикалдардың символына айналған болатын. 

Найнава провинциясын босату бойынша операцияның қолбасшысының айтуынша, "әл-Нури мешіті мен оның әл-Хабда деген ғибадатханасын содырлар Ирак әскерлері Ескі қалаға кіріп, ДАИШ бандаларын айқын жеңгеннен кейін жарып жіберген". Ирак әскері Facebook желісіндегі аккаунтында қираған мешіттің суретін жариялады.

Франс Пресс агенттігі кейінірек ДАИШ лаңкестік тобы мешітті қиратты деп АҚШ-ты айыптағанын хабарлады. АҚШ төрағалық ететін халықаралық коалицияның өкілі бұл айыптауға әзірше Мосун қаласындағы әл-Нури мешіті орналасқан аумаққа бомба тастамағанын айтып жауап берді.

Мешіт Мосулдың батысындағы ескі қалада орналасқан, мұнда соңғы уақытта шешуші ұрыстар жүріп жатыр.

Әл-Нури мешіті 800 жыл бұрын салынған.

Әскерилердің айтуынша, мешіт үкіметтік бөлімдердің бақылауы өткеннен кейін содырлардың рухы түседі.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай