30 мамыр 2016 09:48

Иракта лаңкестер Чемпиондар лигасының финалын көріп отырған жанкүйерлерді өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© rsport.ru © rsport.ru

Иракта төрт лаңкес Чемпиондар лигасының финалын көріп отырған мадридтік "Реал" футбол клубының 12 жанкүйерін өлтірген, - деп хабарлайды "Р-Спорт" басылымына сілтеме жасап.


Иракта төрт лаңкес Чемпиондар лигасының финалын көріп отырған мадридтік "Реал" футбол клубының 12 жанкүйерін өлтірген, - деп хабарлайды "Р-Спорт" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, лаңкестік әрекет Бағдат қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жердегі Бакуба қаласында болған. Лаңкестер матч өтіп жатқан жерге баса көктеп кіріп, автоматпен ата бастаған. Алғашқы мәлімет бойынша, 12 адам қаза тауып, ал сегіз адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Басқа дереккөздерінің мәліметінше, бес адам қаза тауып, төрт адам жарақат алған. Қаза тапқандардың жасы 18-30 аралығында.

Шабуыл жасаған лаңкестер оқиға орнынан жасырынған, ешқайсысын ұстамаған. Ел билігі бұл атысты лаңкестік ДАИШ ұйымының ісі деп отыр. Осы айда осыған ұқсас ланкестік әрекеттердің нәтижесінде Бакуба қаласында өткен футбол матчында 16 адам қаза тапты, олардың 12-сі "Реал" футбол клубының жанкүйерлері, тағы 20 адам жарақат алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети