Иран АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери базаларына жаппай шабуыл жасайтынын ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иран АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери базаларына жаппай шабуыл жасайтынын ескертті depositphotos.com

Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы сенбіде ирандық мұнай танкерлері немесе сауда кемелеріне жасалған кез келген соққыға жауап ретінде өңірдегі АҚШ базаларының біріне және "жау кемелеріне" жаппай шабуыл жасалатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tasnim агенттігіне сілтеме жасап.


Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы сенбіде ирандық мұнай танкерлері немесе сауда кемелеріне жасалған кез келген соққыға жауап ретінде өңірдегі АҚШ базаларының біріне және "жау кемелеріне" жаппай шабуыл жасалатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tasnim агенттігіне сілтеме жасап.

"Иранның мұнай танкерлері мен коммерциялық кемелеріне жасалған кез келген шабуылға өңірдегі америкалық базалардың біріне және жау кемелеріне қуатты соққы берумен жауап береміз", — делінген Ислам революциясы сақшылары корпусының мәлімдемесінде.

Бұл ескерту АҚШ екі ирандық мұнай танкеріне соққы жасағаннан кейін келесі күні жарияланды. Осы оқиға бір айдан бері сақталып келген бітімнің тағдырына күмән туғызды. АҚШ тарапы бітім әлі де күшінде екенін алға тартады. Америкалық әскерилердің айтуынша, танкерлер Иран порттарына қойылған блокаданы бұзып өтпек болған.

Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи бұған дейін АҚШ-тың кейінгі күндері соққыларды қайта бастағанын қатаң сынға алды. Ол X әлеуметтік желісіндегі жазбасында Вашингтонның Иранның соққы беру мүмкіндігіне қатысты бағалауымен келіспей, елдің әскери іс-қимылды қайта бастауға дайын екенін мәлімдеді.

"Үстелде дипломатиялық шешім тұрған сайын, АҚШ ойланбастан әскери авантюраны таңдайды. Бұл қысым көрсетудің қарабайыр тәсілі ме? Әлде әлдебір арандатушының АҚШ президентін тағы да жаңылыстырып, кезекті батпаққа батыруының салдары ма? Себебі қандай болса да, нәтиже біреу: ирандықтар ешқашан қысымға бас имейді", - деп жазды ол.

"Сонымен қатар, Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) қателеседі. Біздің зымыран қорымыз бен ұшыру қуатымыз 28 ақпандағы деңгейдің 75 пайызы емес. Нақты көрсеткіш – 120 пайыз. Ал өз халқымызды қорғауға дайындығымыз – 1000 пайыз", - деп атап өтті министр.

Сәрсенбіде Иранның бас дипломаты Тегеран Америка Құрама Штаттарымен қақтығыстан кейінгі "соғыстан кейінгі жаңа" аймақтық архитектураны қалыптастыруда Қытайдың қолдауына сенетінін мәлімдеді.

1 мамырда Ақ үй Конгреске жолдаған хатында аймақта америкалық қарулы күштердің қалуына қарамастан, Иранға қарсы соғыс қимылдары "аяқталды" деп мәлімдеді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 461.58   543.08   6.21 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер