Иран Әзербайжанмен шекараға әскери техникасын жеткізе бастады - БАҚ

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иран Әзербайжанмен шекараға әскери техникасын жеткізе бастады - БАҚ Telegram-канал @sepah_pasdaran.

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусы Таулы Қарабақтағы жағдайдың шиеленісуі аясында өз техникаларын Әзербайжан маңындағы шекараларға жылжыта бастады. Видео ирандық Sepah Pasdaran Telegram-арнасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусы Таулы Қарабақтағы жағдайдың шиеленісуі аясында өз техникаларын Әзербайжан маңындағы шекараларға жылжыта бастады. Видео ирандық Sepah Pasdaran Telegram-арнасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2022 жылы наурызда Ислам революциясы Сақшылар корпусы көрші мемлекеттер шекарасындағы өзгерістерге шыдамайтынын, сондықтан "Арменияға кез келген әскери басқыншылық Иран Қарулы күштерінің реакциясына тап болатынын" ескертті. Иран мен Әзербайжан шекарасының 400 шақырымы ортақ.

Әзербайжан шекарасына Иран әскери техникасын тасымалдағаны туралы ресми растау жоқ. Жарияланған видеода бронетранспортер тиелген жүк көлігі тасжолда кетіп бара жатқаны көрінеді.

3 тамызда Таулы Қарабақ басшысы Араик Арутюнян аймақтағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты ішінара әскери жұмылдыру жариялады. Әзербайжан әскері операция жүргізгенін хабарлады. Қарсыласу сызығының солтүстік-батыс бағытында ресейлік бітімгершілік контингентінің жауапкершілік аймағында әзербайжандық бөлімшелер гранатометтерді және соққы беретін ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланды. Қорғаныс министрлігі мәліметінше, 14 армян әскери қызметкері жараланып, біреуі қаза тапқан.

Еуроодақ елдері Армения мен Әзербайжанды түйіспе сызығында қақтығысты тоқтауға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети