Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Қарабақта Әзербайжан қарулы күштерінің соққысынан кейін әскер жұмылдырылды 04 тамыз 2022, 09:04

Әзербайжан әскері Қарабақтағы атысты тоқтату келісімін бұзды. Қарсыласу сызығының солтүстік-батыс бағытында ресейлік бітімгершілік контингентінің
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: Әзірбайжан қорғаныс министрлігі Фото: Әзірбайжан қорғаныс министрлігі

Әзербайжан әскері Қарабақтағы атысты тоқтату келісімін бұзды. Қарсыласу сызығының солтүстік-батыс бағытында ресейлік бітімгершілік контингентінің жауапкершілік аймағында әзербайжандық бөлімшелер гранатометтерді және соққы беретін ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланды. Таулы Қарабақ Республикасы (СҚО) Қорғаныс министрлігі мәліметінше, 14 армян әскери қызметкері жараланып, біреуі қаза тапты. Ал Әзербайжан атқылауға Арменияны айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik Армения мен Trend сайтына сілтеме жасап.

Мойындалмаған Таулы Қарабақ басшысы Арайик Арутюнян аймақтағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты әскер жұмылдырылғанын хабарлады.

Армения Сыртқы істер министрлігі армян тарапының аймақта тұрақтылық пен бейбітшілік орнату әрекетіне қарамастан, Баку этникалық тазартуды жалғастыруға тырысып жатқанын мәлімдеді. Ереван Әзербайжанды үшжақты мәлімдемелердегі барлық міндеттемені орындауға, соның ішінде армян тұтқындарын қайтаруға және атысты тоқтатуға шақырды. 

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің хабарламасында бұрынғы Агдере аймағының Юхара Оратаг елді мекеніндегі әскери бөлімге әуе соққысы жасалғаны туралы айтылған.

"Бірнеше D-30 гаубицасы, әскери көліктер мен оқ-дәрілер жойылды.

Әзербайжан 2020 жылғы 10 қарашадағы үшжақты мәлімдемеге қарамастан, Ресей бітімгершілік күштері уақытша орналасқан Әзербайжан территорияларында Армения қарулы күштері мен заңсыз армян қарулы құрылымдарының болуы қауіп көзі болып қала беретінін бірнеше рет мәлімдеген. Бұл аумақтарды демилитаризациялап, ол жерден армян әскерлерін толық шығарып және заңсыз армян қарулы құрылымдарын қарусыздандыру қажет", - делінген Әзербайжан қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде.

Таулы Қарабақтағы ресейлік бітімгершілік күштері өздерінің жауапкершілік аймағындағы жағдайдың шиеленіскенін атап өтті.

Ресей Қорғаныс министрлігінің бюллетенінде Сарыбаба биігі ауданында Әзербайжан қарулы күштері атысты тоқтату режимін айтқан. Ресей бітімгершілік күштерінің қолбасшылығы Армения және Әзербайжан тарапының өкілдерімен бірлесіп, жағдайды тұрақтандыру шараларын қабылдап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram