Иран мен АҚШ бір-біріне тағы соққы жасады. Тегеран 14 адам қаза тапқанын хабарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иран мен АҚШ бір-біріне тағы соққы жасады. Тегеран 14 адам қаза тапқанын хабарлады Euronews

Парсы шығанағында АҚШ пен Иранның бір-біріне жасаған соққыларынан кейін шиеленіс күрт ушығып барады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.


Тегеран елдің бес провинциясына жасалған АҚШ-тың жаңа шабуылдары салдарынан 14 адам қаза тауып, ондаған адам жараланғанын мәлімдеді. Порттар, теміржол көпірлері, оңтүстік жағалаудағы нысандар, соның ішінде Бушер АЭС-і ауданы мен Иранның маңызды мұхит порты — Чабахар инфрақұрылымы зақымдалған.

АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) мәліметінше, соққылар Иранның әлемдік мұнай мен газ жеткізілімінің едәуір бөлігі өтетін Ормуз бұғазындағы "кеме қатынасы еркіндігіне қауіп төндіру" мүмкіндігін шектеуге бағытталған. Бірнеше күнге созылған шабуылдардан кейін бұл аймақтағы кеме қозғалысы күрт азайды.

Иран АҚШ-тың елге жасаған жаңа соққыларына жауап беруге уәде берген соң, түнде Бахрейн мен Кувейтте әуе дабылы қағылды. Кувейт қарулы күштері елдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері "жау зымырандары мен ұшқышсыз ұшақтарының" бетін қайтарғанын хабарлады.

Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) IRIB мемлекеттік арнасы таратқан мәлімдемесінде АҚШ-тың жаңа шабуылдарына жауап ретінде Бахрейн мен Кувейттегі америкалық әскери базаларға соққы жасағанын растады.

ИРСК зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтардың көмегімен Кувейттегі Арифджан мен Али әл-Салем, сондай-ақ Бахрейндегі Джуффейр және шейх Иса америкалық базаларындағы "маңызды инфрақұрылымдар мен нысандар" жойылғанын алға тартты.

Сондай-ақ егер АҚШ шабуылдарын тоқтатпаса, соққылар аймақтағы басқа да базаларға бағытталып, ауқымы кеңейетінін ескертті.

Бұған дейін Трамп егер Иран Ормуз бұғазындағы кемелерге шабуыл жасауды жалғастырса, "жағдай әлдеқайда нашарлайтынын" ескерткен болатын. Ол осы маңызды теңіз дәлізіндегі үш танкерге жасалған шабуылдан кейін Иранға жаңа соққылар жасау туралы бұйрық шығарды.

Иранның мемлекеттік БАҚ-тары CENTCOM соққылардың жаңа толқыны туралы жариялағаннан кейін елдің оңтүстік жағалауындағы бірнеше ауданда жарылыстар болғанын хабарлады.

CENTCOM мәлімдемесіне сәйкес, соққылар ирандық күштердің әлемдік мұнай мен сұйытылған табиғи газ жеткізілімінің бестен бір бөлігі өтетін бұғаздағы "кеме қатынасы еркіндігіне қауіп төндіру" әлеуетін әлсірету үшін жасалған.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +34
Астана +33
Ақтау +31
Ақтөбе +32
Атырау +34
Б
Балқаш +35
Ж
Жезқазған +35
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +27
Қ
Қостанай +39
Қызылорда +33
П
Павлодар +26
Петропавл +33
С
Семей +36
Т
Талдықорған +38
Тараз +42
Түркістан +28
О
Орал +32
Ө
Өскемен +39
Ш
Шымкент +34

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер