ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қаңтар 2020 | 09:28
Иран мен АҚШ-тың текетіресі. Трамп не дейді?
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның Ислам революциясы күзетіндегі корпусының (ИРКК) АҚШ-тың екі әскери базасына соққы жасауына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы президент Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Lenta.ru.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның Ислам революциясы күзетіндегі корпусының (ИРКК) АҚШ-тың екі әскери базасына соққы жасауына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы президент Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Трамптың айтуынша, соққы салдарынан қанша адамның қаза тауып, қанша адамның жарақат алғаны анықталып жатыр.
"Бәрі жақсы! Зымырандар Ираннан екі әскери база бойынша атылды. Қазір келтірілген залалды бағалау жүріп жатыр. Барлығы жақсы жүріп жатыр! Қазіргі таңда біздің әскерилер әлем бойынша мықты жасақталған әрі ең мықты әскерилер! Мәлімдемені ертең таңертең жасаймын", - деді АҚШ президенті.
All is well! Missiles launched from Iran at two military bases located in Iraq. Assessment of casualties & damages taking place now. So far, so good! We have the most powerful and well equipped military anywhere in the world, by far! I will be making a statement tomorrow morning.
— Donald J. Trump (@realDonaldTrump) January 8, 2020Еске салайық, мұның алдында АҚШ-тың Ирактың батысындағы Эйн-әл-Асад әскери базасына зымыран соққысы жасалғаны хабарланған еді. "ИРКК Ирактағы Эйн-әл-Асад америкалық әуебазасы бойынша он зымыран соққысы жасалғанын растайды", - делінген хабарламада. Телеарна мәліметтері бойынша, соққы - америкалықтардың Иран генералы Касем Сулейманидің өлтіруіне жауабы.
Осыдан кейін АҚШ-тың әскери базаларына соққының екінші толқыны жасалғаны хабарланған болатын. Ал кейінірек Иран осы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. "Иран БҰҰ-ның 51-жарғысына байланысты өзін-өзі қорғау мақсатында біздің азаматтарымыз бен жоғары лауазымды адамдарға қарсы қарулы шабуыл жасалғандықтан базаға соққы жасады. Біз соғыс ашуға мүдделі емеспіз, алайда өзімізді кез келген агрессия алдында қорғаймыз", - деді Иранның сыртқы істер министрі Джавад Зариф.
Иран БАӘ мен Израильге соққы жасауы мүмкін екенін мәлімдеді
Показать комментарии
Читайте также