20 мамыр 2024 09:13

Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото x.com/Tasnimnews_EN Фото x.com/Tasnimnews_EN

Иран президенті Ибрагим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mehr агенттігіне сілтеме жасап.


Иран президенті Ибрагим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mehr агенттігіне сілтеме жасап.

БАҚ мәліметінше, Иран президентімен бірге болған адамның бәрі, соның ішінде сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан да тікұшақ апатынан қаза тапқан.

Бұған дейін БАҚ Иран президентінің тікұшағы апатқа ұшырап, толығымен жанып кеткенін хабарлаған.

Айта кетейік, 19 мамырда Иран президенті мінген тікұшақ тұманға байланысты Иранның солтүстігінде (Шығыс Әзербайжан аймағында – еск.) қонуға мәжбүр болған. Президент кортежінде барлығы үш тікұшақ болған, олардың біреуі жерге қатты қонған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Алматыда қойма өртенді

Валюта бағамы

 451.28   490.7   5.06 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети