02 қараша 2022 09:51

Иран Сауд Арабиясына шабуыл жасамақ - БАҚ

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Twitter/@metesohtaoglu Фото: Twitter/@metesohtaoglu

Сауд Арабиясы өз барлау қызметіне сілтеме жасап, Иран дайындалып жатқан шабуыл туралы хабарлады. Бұл туралы The Wall Street Journal жазды. Ал әлеуметтік желілерде Иранда мешіт күмбезі үстінде қызыл ту көтерілгені түсірілген кадрлар тарап жатыр. Бұл кек алу ниетін білдіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сауд Арабиясы Америка Құрама Штаттарымен Иран жақын арада шабуыл жасайтыны туралы ескертетін барлау деректерін бөліскен. Осыдан кейін Таяу Шығыстағы АҚШ пен басқа да әскери күштердің жауынгерлік дайындық деңгейі қаралған.

Басылым ресми өкілдерге сілтеме жасап, Сауд Арабиясы, АҚШ және басқа да бірқатар көршілес мемлекет қарулы күштерінің жауынгерлік әзірлік деңгейін арттырғанын хабарлады. Олар Сауд Арабиясының барлау қызметі туралы толық мәлімет бермеген.

Әлеуметтік желілерде Кум қаласындағы Джамкаран мешітінің күмбезі мен Иранның Шираз қаласындағы мешіт күмбезі үстіне қызыл ту көтерілгенін көрсететін видео тарады.

Бұған дейін Тегеран АҚШ, Ұлыбритания, Израиль және Сауд Арабиясын елде шерулер ұйымдастырды деп айыптаған болатын.

Иранда соңғы рет қызыл ту 2020 жылдың қаңтарында көтеріліп, "Әл-Қудс" арнайы күштерінің қолбасшысы Касем Сүлеймани өлтірілген болатын. Бірнеше күннен кейін Иран АҚШ-тың Ирактағы екі нысанына: елдің батысындағы "Айн-әл-Асад" әуе базасы мен солтүстігіндегі Эрбиль провинциясындағы аэродромға соққы берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети