30 тамыз 2016 | 15:28

Ислам Кәрімов қайтыс болды деп бірінші хабар таратқан "Ферғана" оның ауруханадағы суретін жариялауды талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ислам Каримов © Lenta.ru Ислам Каримов © Lenta.ru

Ислам Кәрімов қайтыс болды деп бірінші хабар таратқан "Ферғана" ақпарат агенттігінің бас редакторы Даниил Кислов Өзбекстан президентінің ауруханада жатқан суретін көрсетуді сұрады, - деп хабарлайды "Лента.ру"


Иконка комментария блок соц сети

Ислам Кәрімов қайтыс болды деп бірінші хабар таратқан "Ферғана" ақпарат агенттігінің бас редакторы Даниил Кислов Өзбекстан президентінің ауруханада жатқан суретін көрсетуді сұрады, - деп хабарлайды "Лента.ру"

Оның айтуынша, "Ферғана" жарияланған мәліметтердің шындық екеніне жауап бере алады, ал ел билігі бұл жағдайда үнсіз қалмауы тиіс. "Өзбекстанның ресми дереккөздеріне, үкіметке, президент әкімшілігіне оның медициналық анықтамасын және ауруханада жатқан суретін жариялауды ұсынамын", - деп мәлімдеді басылым басшысы. 

Еске салайық, 29 тамызда кешкі уақытта "Ферғана" агенттігі өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, 78 жастағы Кәрімовтің қайтыс болғанын хабарлаған болатын. Осыдан кейін РИА Новости агенттігіне президент әкімшілігіндегі дереккөздер президенттің қайтыс болғанын жоққа шығарды. 

Кейбір мәліметтер бойынша, Өзбекстан президенті ұлттық олимпиада құрамасының жақсы нәтиже көрсетуіне байланысты өткен банкетте көп ішімдік ішіп, кейін өзін нашар сезінген.

Ал кейін Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің кенже қызы Лола Кәрімова-Тилляева Facebook желісінде әкесінің миына қан кеткенін мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети