03 қыркүйек 2016 01:54

Ислам Кәрімовтің неден қайтыс болғаны туралы медициналық қорытынды жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© dw.de © dw.de

Өзбекстан үкіметінің порталында ел президенті Ислам Кәрімовтің ауруы және неден қайтыс болғаны туралы медициналық қорытынды жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өзбекстан үкіметінің порталында ел президенті Ислам Кәрімовтің ауруы және неден қайтыс болғаны туралы медициналық қорытынды жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Науқас И.А. Кәрімов, 78 жасында, 27 тамызда шамамен таңғы сағат 09.00-де Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Орталық клиникалық ауруханасына ес-түссіз күйде жеткізілген.

Тексерулер қорытындысы бойынша, (оның ішінде бас миына компьютерлік томография жасалған) емделушінің миына қан кеткені (инсульт) анықталған. Қан қысымы 250/120-ны көрсеткен. Жүрек қағысы тоқтаған. Жансақтау бөлімінде істелген әрекеттердің арқасында 20 минуттан соң жүректің жұмысы қайтып орнына келді. Науқас атониялық комаға түсіп, жасанды құрылғыға қосылған

Тамыздың 27-нен 28-не қараған түні науқасқа шетелдік жетекші клиникалардың нейрохирургтары, кардиологтары және реаниматологтар өз кеңестерін берді. Сонымен қатар, өзбекстандық және шетелдік мамандардың консилиумының қорытындысы бойынша науқасты ары қарай емдеу шаралары белгіленген.

Науқастың неврологиялық жағдайы басынан-ақ атоникалық кома болып табылған (арефлексия). Науқасқа үш рет динамикалық электроэнцефалографиялық тексерулер жасалған. Интенсивті терапияның жасалуынан кейін ішкі ағзаларының жұмысында бұзушылықтар пайда бола бастаған (жүрек-қан тамырлары ауруы, өкпесі, бүйрегі және бауыры)  - полиорнады жеткіліксіздік.

2016 жылдың 2-ші қыркүйегінде жоғарыда көрсетілген шаралардың жасалғанының өзінде 20.15-те Ислам Кәрімовтің жүрек қағысы тоқтаған. Интенсивті жансақтау шаралары ешқандай әсер бермегендіктен 20.55-те науқастың биологиялық өлімі туралы жарияланған, - делінген медициналық қорытындыда.

Еске салайық, Өзбекситан Ислам Каримовтың қайтыс болғанын хабарлады. Жерлеу рәсімі Самарқандта 3-ші қыркүйекте өтеді. Кәрімовтың қазасына байланысты елде үш күндік қаралы күн жарияланады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети