01 тамыз 2016 14:49

"Ислам мемлекеті" cодырлары ресейліктерді қорқыту мақсатында видеожазба жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Террористік "Ислам мемлекеті" ұйымы ресейліктерді қорқыту мақсатында видеожазба жариялады, - деп хабарлайды Reuters агенттігі.


Террористік "Ислам мемлекеті" ұйымы ресейліктерді қорқыту мақсатында видеожазба жариялады, - деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Террористердің жаттығу жұмыстары кезінде түсірілген видеода содырлардың бірі Владимир Путинге үндеу жолдап, кейіннен қалған содырларды Ресейде жиһад жасауға шақырады.

Алайда, бұл видеожазбаның рас-өтірігі әлі анықталмады. Әзірше оның Telegram мессенджері арқылы келгені белгілі.

Ислам мемлекеті - әлемдегі ең басты қауіптердің бірі. Үш жылдың ішінде бұл ұйымның террористері Ирак пен Сирияның айтарлықтай аумағын басып алған.

Айта кетейік, Сирияда "Ислам мемлекеті" ұйымымен күрес өткен жылдың қыркүйек айында басталған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети