14 қыркүйек 2021 15:53

Испания COVID-19-ға қарсы вакцина шығарады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Испания қазанда COVID-19-ға қарсы вакцина шығаруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Local басылымына сілтеме жасап.


Испания қазанда COVID-19-ға қарсы вакцина шығаруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Local басылымына сілтеме жасап.

Испанияның ғылым және инновация министрі Диана Морант HIPRA фармацевтикалық компаниясы жасаған вакцинаны қолдану келесі жылдың басында басталуы мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, бүгінде өндіріске дайындық процесі "өте жақсы жүріп жатыр".

Сонымен қатар, Морант бұл препараттың сапасына сенімді екенін және вакцина коронавирустың әртүрлі штамын ескере отырып жасалғанын, оларға қарсы жақсы нәтиже көрсеткенін айтты.

HIPRA ветеринария саласынан дәрі-дәрмек пен вакцина өндірісіне көшкені айтылды. Ол коронавирусқа қарсы рекомбинантты ақуыз технологиясын (rDNA) қолданады.

Қазір Испанияда еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі (EMA) мойындаған вакциналар қолданылады - Johnson & Johnson, Moderna, Oxford/AstraZeneca, Pfizer/BioNTech.

Бұған дейін Испанияның дәрі-дәрмек және медициналық агенттіктері адамдарға клиникалық зерттеулер жүргізу үшін коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинасын қолдануға рұқсат бергені туралы хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети