05 желтоқсан 2017 13:15

Испанияда Иса пайғамбардың ескерткішінің ішінен өсиет хат табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Кастилия-Леон автономиясында орналасқан Санта-Агуэда сарайындағы Иса пайғамбардың мүсінін қайта қалпына келтірушілер ескерткіштен XVIII ғасырдағы дін қызметшісінің өсиет хатын тауып алды, - деп жазады РИА Новости Science Alert порталына сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, хат 1777 жылы жазылған.

Дін қызметшісі хатта ескерткішті жасаған мүсінші Мануэле Бале жайлы және сол уақыттағы тұрмыс-тіршілікті баяндайды. Табылған құжатта кең таралған аурулар жайлы (безгек пен іш сүзегі) және сол кезеңде өмір сүрген жергілікті тұрғындардың немен айналысқаны жазылған.

Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, бұл хаттың мақсаты дін қызметшісі ұрпақтарына "уақыт капсуласын" қалдырып кеткісі келген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети