26 сәуір 2020 17:38

Италия жыл соңына дейін туристерге шекарасын ашпайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Италия жыл соңына дейін шетелдік туристерге шекарасын ашпайды. Бұл туралы елдің мәдениет және туризм министрі Дарио Франческини La Repubblica газетіне берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шекаралардың ашылуы әр мемлекеттің эпидемиологиялық жағдайы мен саясатына байланысты", - деді министр. 

Франческинидің айтуынша, Италияда коронавирусқа байланысты жабылған музейлер мен басты көрнекі жерлер мамырда ашылуы мүмкін. 

Министр сондай көрнекі жерлердің бірі ретінде Колизей мен Помпеиді атады. 

Соңғы мәліметтер бойынша, Италияда коронавирус жұқтырғандардың саны 192 994-ке жеткен. Оның ішінде 25 969 адам көз жұмған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети