Италияда арқанжол кабинасы құлап, 13 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италияда арқанжол кабинасы құлап, 13 адам қаза тапты © Reuters

Италияның солтүстігінде Пьемонт аймағында арқанжол кабинасы құлап, 13 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Corriere della Sera сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италияның солтүстігінде Пьемонт аймағында арқанжол кабинасы құлап, 13 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Corriere della Sera сайтына сілтеме жасап. 

Тоғыз және бес жастағы екі бала ауыр жарақат алып, ауруханаға тікұшақтармен жеткізілді. Қайтыс болғандардың арасында германиялық туристер бар екені хабарланды. 

Қайғылы оқиға 23 мамырда Маджоре көлі мен Моттароне тауын байланыстыратын Стреза елді мекенінде болды.

Сыйымдылығы 35 адамдық фуникулер кабинассында 15 жолаушы болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, кабинаны ұстап тұрған кабель таудың басына шамамен 300 метр қалғанда үзілген.

Апат себебі анықталып жатыр. Кабина құлаған жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Пьемонттағы тауға көтеретін жол - танымал туристік орын. Фуникулердің жұмысы коронавирусқа байланысты шектеліп, ұзақ үзілістен кейін 24 сәуірде ғана ашылған. 2014 жылы арқанжол екі жыл бойы техникалық қызмет көрсетуден өткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети