17 маусым 2021 09:09

Желіде Италияда аспа жол кабинасы құлаған сәттің видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tg3 © Tg3

Италиялық Tg3 телеарнасы 23 мамырда Италияның солтүстігіндегі Моттарон тауында апатқа ұшыраған аспа жол кабинасының құлаған сәтінің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Европейская правда" басылымына сілтеме жасап. 

Жазбадан адамдар отырған кабина соңғы нүктеге жетіп қалғанын көруге болады. Осы кезде кабельдердің бірі үзіліп, кабина кері бағытта жылдам қозғала бастайды.

Кабина маршруттың ең биік учаскесінде, жоғарғы станциядан 300 метр қашықтықта үзіліп, орманды жерлерде құлайды.

Бейнежазба кабельдік көліктің жоғарғы станциясындағы камераға түсіп қалған, ол тергеу материалдарына енгізілді.

Ескерту! Видеоны психикасы нашар адамдарға көру ұсынылмайды!

Еске салайық, қайғылы оқиға 23 мамырда Маджоре көлі мен Моттароне тауын байланыстыратын Стреза елді мекенінде болды. Сыйымдылығы 35 адамдық фуникулер кабинассында 15 жолаушы болған. 14 адам қаза тапты, 13-і оқиға орнында жан тапсырды, оның ішінде екі жасар бала бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети