28 наурыз 2020 10:04

Италияда COVID-19-дан өлім саны антирекорд орнатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италияда бір тәулікте коронавирустан қаза болғандар саны жаңа рекорд орнатты: 969 адам қайтыс болды, жалпы қаза болғандар саны 9134-ке жетті. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай жөніндегі комиссар Доменико Аркури мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінгі деректерге сәйкес, 589 адам сауықты, ал жалпы 10 950 адам коронавирустан жазылды", - деді Аркури жұма күні кешкі брифингте. Жақында 999 науқас сауығып шықты, олардың саны үш күн қатарынан өсіп келеді. 

Қазіргі уақытта коронавирусты 66 414 италиялық жұқтырған, тәулік ішінде бұл көрсеткіш 4 401 жағдайға өсті.

"Өкінішке қарай, 969 адам қайтыс болды", - деді Аркури. Осылайша, құрбандар саны - 9134 адам.

Комиссардың айтуынша, жарақаттанған және сауығып кеткендердің жалпы саны 86,5 мыңға жетті. Жақында ғана бұл көрсеткіш 80,5 мың адам болған. 

Италия коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Қытайдан асып түсті. Аспан асты елінде 81,3 мың жағдай тіркелген болатын.

"Осы деректер санитарлық дағдарыстың қаншалықты ауқымды екенін көрсетеді. Бұл Италия қабылдаған шараларды бірте-бірте енгізіп жатқан ең күшті елдерді қозғайтын теңдессіз пандемия", - деді Аркури.

"Адамдар бір нәрсесін құрбан етпесе, онда бұл жауды жеңу үшін көп уақыт қажет болады", - деп атап өтті ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети