23 ақпан 2020 10:55

Италияда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Filippo Monteforte © Filippo Monteforte

Италияда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 79-ға жетті. Соңғы екі күнде науқастар саны күрт өскен, - деп хабарлайды РИА Новости елдің азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Борреллиге сілтеме жасап. 


Италияда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 79-ға жетті. Соңғы екі күнде науқастар саны күрт өскен, - деп хабарлайды РИА Новости елдің азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Борреллиге сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, коронавирус Италияның бес өңірінде анықталған. Елдің солтүстігіндегі Ломбардия қаласында 54 адам ауру жұқтырған. 

"Тағы 17 жағдай Ломбардиямен шекаралас Венето облысында, екі жағдай - Эмилии-Романьеде, тағы екеуі Рим маңайындағы Лациода (бұлар қытайлық туристер) және тағы біреуі Пьемонтте", - деді Борелли министрлер кеңесінің шұғыл отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, 51 адам ауруханаға түскен, оның 18-і интенсивті терапия бөлімінде жатыр, тағы 11 адам - өз үйінде оқшауланған, олардан коронавирустың жаңа түрінің симптомдары анықталмаған. 

21 ақпанда, жұмада Италияның Падуя қаласында COVID-19 вирусынан бір адам қайтыс болды. Жергілікті ауруханада 78 жастағы ер адам қайтыс болған, оның тыныс алуы тарылған. Ол ақпанның басында Қытайдан келген досымен тамақ ішкені анықталды. 

Сенбіде, Ломбардия облысының Кодоньо қаласындағы ауруханада пневмониядан жергілікті тұрғын 77 жастағы әйел қайтыс болғаны айтылды. 

Euronews мәліметінше, 15 мың тұрғыны бар қалашықта тұрғындарға сыртқа шықпауға, балаларды мектепке жібермеу және шіркеуге бармау ұсынылған. 

Айта кетейік, Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 75 936 адамға жеткен, оның 2442-і қайтыс болған. 22 888 адамның денсаулығы жақсарып, ауруханадан шыққан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети