11 наурыз 2020 | 09:20

Италияда коронавирус жұқтырғандардың саны 10 мың адамнан асты

© REUTERS

Италияда коронавирус жұқтырғандардың саны 10 мың адамнан асты. Бұл туралы азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Боррелли мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Италияда коронавирус жұқтырғандардың саны 10 мың адамнан асты. Бұл туралы азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Боррелли мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Оның айтуынша, бір тәуліктің өзінде вирус жұқтырған адамдардың саны 10 149-ға жеткен, ал қайтыс болғандардың саны 463-тен 631-ге жеткен.

Реклама
Реклама

Италиялықтар коронавирусқа байланысты жаппай азық-түлік сатып алып жатыр

Айта кетейік, қазіргі уақытта коронавирусқа байланысты Италияда барлық қоғамдық орын жабылды. Спорттық және мәдени іс-шаралар өткізуге де тыйым салынды.

Еске салайық, мұның алдында италиялықтарға коронавирусқа байланысты үйден шықпауға кеңес берілген еді.

"Ең дұрысы - үйде отыру. Италияның болашағы - біздің қолымызда. Өзімізге артылған жауапкершілікті сезінуіміз керек. Біз Ломбардиядағы жағдайға байланысты шараны бүкіл ел бойынша қолдануға шешім қабылдадық", - деген еді Италияның премьер-министрі Джузеппе Конте. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная