Италиялықтар коронавирусқа байланысты жаппай азық-түлік сатып алып жатыр 26 ақпан 2020, 17:47

Ломбардияның солтүстігіндегі тұрғындар коронавирусқа байланысты дүкендерден жаппай азық-түлік сатып алып жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.
Жалғасы
Басылымның мәліметінше, қаладағы супермаркеттерде түнгі уақытқа дейінгі ұзын-сонар кезек. Олар көбіне макарон, консервілер мен сүрленген тағам түрлерін сатып алып жатыр екен.
Интернет қолданушылары тауарлар толықтай сатылып кеткен дүкенде түсірілген видеоны жариялады.