28 қаңтар 2021 09:06

Италиялық дәрігер науқастарды ауруханада орын босату үшін өлтірді деп айыпталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Италияның Монтикьяри қаласындағы Карло Моска есімді дәрігерге ауруханада төсек-орын босату үшін COVID-19 жұқтырған науқастарды өлтірді деген айып тағылды, - деп хабарлайды РИА Новости


Италияның Монтикьяри қаласындағы Карло Моска есімді дәрігерге ауруханада төсек-орын босату үшін COVID-19 жұқтырған науқастарды өлтірді деген айып тағылды, - деп хабарлайды РИА Новости

Тергеу мәліметінше, коронавирус жұқтырып, ауруханада жатқан науқастарға дәрігер қасақана дем алуға мүмкіндік бермейтін препарат салған. Нәтижесінде екі адам қайтыс болған. Brescia Today мәліметінше, бірінші жағдайда науқастың денесінен препаратты шамадан тыс көп салғандықтан өлім жағдайы тіркелгені анықталған. 

Ал La Repubblica басылымының мәліметінше, Моска Италияда ауру өршіген уақытта алдыңғы қатарда жүрген дәрігер. Ол "әр кезекшілігінде мүмкіндігінше көп адамның өмірін сақтап қалу үшін күрескенін" айтқан. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети