25 қараша 2020 09:52

Израиль әскері Дамаск маңайына әуеден шабуыл жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© SANA © SANA

Израиль Дамаск провинциясының оңтүстігіндегі Голан шыңынан әуе шабуылын жасады. Бұл туралы Сирия әскерінің хабарламасынан мәлім болды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Израиль Дамаск провинциясының оңтүстігіндегі Голан шыңынан әуе шабуылын жасады. Бұл туралы Сирия әскерінің хабарламасынан мәлім болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Сейсенбіде жергілікті уақытпен 23.50-де Голан шыңынан соққы жасалған. Сириялық "Әл-Ватан" газетінің мәліметінше, шабуыл нысаны Әл-Кунейтра провинциясының оңтүстігінде орналасқан Манее шыңы болған.

Сириялық әскерилердің хабарлауынша, әуе шабуылы салдарынан материалдық шығын келтірілген. Араб Республикасының әуе қорғанысы кей соққының бетін қайтарған.

Басылым мәліметінше, Сирия мен Израиль арасында дипломатиялық қатынастар жоқ, екі мемлекет құрылғаннан бері олар соғыс жағдайында болған. Атап айтқанда, олар Голан шыңына қатысты ұзақ бойынша қақтығысып келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети