12 шілде 2016 17:29

Израиль журналисі бірнеше ұшақтың бортына жарылғыш затты алып өткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AP © AP

Израильде журналист ұшақтың бортына жарылғыш затты алып өтті, - деп хабарлайды The Times оf Israel Channel 2 TV report Sunday басылымына сілтеме жасап.


Израильде журналист ұшақтың бортына жарылғыш затты алып өтті, - деп хабарлайды The Times оf Israel Channel 2 TV report Sunday басылымына сілтеме жасап.

Израиль журналисі Давид Сулейман 2015 жылы Синай түбегінде ресейлік Airbus A321 лайнерін жарған лаңкестердің әрекетін қайталай алды. Ол бұл әрекетті жасау үшін жалған құжат жасатып, Тель-Авив әуежайында тазалаушы болып жұмыс істеген. Оның айтуынша, ол кез келген ұшақтың бортына бара алған. Тіпті қызметкерлерге жүкті тасуға көмектескен. 

Сонымен қатар, журналист өзінің ұшақтарға бірнеше құты газдалған сусынды (жарылғыш затты ол осылайша жеткізген) тасып жатқанын видеоға түсірген.

Айта кетейік, әуежайдың қауіпсіздік қызметіндегілер журналистің бұл әрекеттерін тек екі күннен кейін білген. Әуежай әкімшілігіндегілер мұндай жағдай қайталанбас үшін бар күшті салатынын айтып, полицияға өтініш жазды.

Еске салайық, 2015 жылдың 31 қазанында Мысыр-Санкт-Петербург бағытында ұшқан Airbus A321 ресейлік лайнері Синай түбегінде жарылған болатын. Бортта 217 жолаушы мен экипаждың жеті мүшесі болған. Олардың барлығы қаза тапқан болатын. Ал 2016 жылдың 16 маусымында америкалық барлаушылар бұл лаңкестік әрекетті мысырлық "Ансар Бейт әл-Макдис" ұйымдастырғанын мәлімдеген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети