Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Израиль мен ХАМАС үш күндік бітімге келісті

01 Тамыз 2014, 08:50
0
REUTERS/Ahmed Zakot©
REUTERS/Ahmed Zakot©

Израиль мен ХАМАС өкілдері үш күндік бітімге келісті. Атысты тоқтату туралы бітім 1 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша 08:00 сағаттан күшіне енеді. Бұл мәліметті БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің бірлескен мәлімдемесіне сілтеме жасап, РИА Новости ақпарат құралы таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Керри бітім туралы Нью-Делиде болған сапары кезінде мәлімдеді. Хабарланғандай, Израиль мен Палестина автономиясы өкілдері келесі келісімдерге келу үшін шұғыл түрде Каирге жол тартады. "Біз барлық тараптарды гуманитарлық бітім басталғанға дейін сабырлылыққа, ал келісілген уақытта өз міндеттерін қатаң сақтауға шақырамыз" делінген БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің бірлескен мәлімдемесінде. ХАМАС қозғалысы өкілдері 72 сағатқа келісімін берді.

Естеріңізге сала кетсек, Израиль 7 шілдеден бастап Газа секторында әскери іс-қимылдар жүргізіп жатыр. Ондағы мақсат-ХАМАС қозғалысының әскери потенциалын әлсірету, зымыранмен атқылауларға тосқауыл қою. Израиль 17 шілдеге дейін әуеден және теңізден қашықтан соққы беру тәсілін пайдаланған. Одан кейін Израиль әскерлері құрылықтық операциясын бастап, Газа секторына басып кірген болатын. Әскери қимыл салдарынан 1,3 мың палестиндік қаза тапты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай