11 қыркүйек 2022 09:41

Жаңа Зеландияда қайық китпен соқтығысып, бес адам қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay Фото: pixabay

Жаңа Зеландияда 10 қыркүйекте Каикоура қаласына жақын маңда қайық аударылып, бес адам қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, кеме китпен соқтығысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Чартерлік балық аулау компаниясына тиесілі 8,5 метрлік қайықта 11 адам - ​​экипаж және 50-ден асқан әйелдер тобы болған. Кеме аударылғаннан кейін алты адам құтқарылып, тағы бес адам кемеде қалып қойған. Олардың бәрі қаза болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, кит қайықты аударып жіберуі мүмкін.

Қайғылы оқиға кезінде теңізде толығымен тыныш болғаны және ешқандай қиындық болмағаны атап өтілді. Дегенмен, бұл аймақта бұрын бірнеше кашалот пен өркешті киттер байқалған.

Каикоура - киттерді бақылауға болатын танымал орын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети