17 наурыз 2019 | 12:49

Жаңа Зеландияда ұсталған төрт адамның шабуылға қатысы бар-жоғы анықталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
REUTERS/Jorge Silva© REUTERS/Jorge Silva©

Құқық қорғау органдары Жаңа Зеландиядағы Крайстчерч қаласында болған терактіден кейін ұсталған үш адамның лаңкестікке қатысы жоқ деп есептейді. Бұл туралы елдің бас полицейі Майк Буш мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Құқық қорғау органдары Жаңа Зеландиядағы Крайстчерч қаласында болған терактіден кейін ұсталған үш адамның лаңкестікке қатысы жоқ деп есептейді. Бұл туралы елдің бас полицейі Майк Буш мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Терактіден кейін полиция төрт адамды ұстады - үш ер адам бір әйел. Оның ішінде Аустралия азаматы 28 жастағы Брентон Таррантта (Brenton Tarrant) бар. Оған адам өлтіру бойынша айып тағылған. Ол 5 сәуірге дейін қамауда болады. Тағы бір мәлімет бойынша, ол 37 беттік "манифест" жазған. Ол жақта өзінің мақсаттарын айтқан.

Буштың айтуынша, полиция тағы бір ер және әйелді ұстаған, олардың көлігінен қару табылған. Әйелді дереу бостандыққа жіберген, ер адамға "қару-жараққа қатысты" заңға қайшы әрекетке барғаны үшін айып тағылды. 

Үшінші ұсталған адамға нәсілдік кемсітушілік бойынша айып тағылған және ол дүйсенбіде сот алдында жауап береді. "Қазіргі уақытта біз бұл адамдардың шабуылға қатысы жоқ деген ойдамыз", - деді Буш. 

Жаңазеландиялық полицияның басшысы оқиға орнын тінтіп шыққан мамандар тағы бір адамның денесін тапқанын айтты. Оның айтуынша, бұл шабуыл салдарынан қаза тапқан 50-ші адам. Тағы 50 адам зардап шеккен, оның 36-сы ауруханада жатыр екен. 11 адам ауыр халде жатыр. 

Еске салайық, 15 наурызда таңғы уақытта Крайстчерч қаласында атыс болды. Шабуыл таңғы уақытта жасалған, ол уақытта мешітте бірнеше жүздеген адам болған. Осыдан кейін мешіттерге қаруланған жасақ шақырылып, барлық мектеп пен жақын маңдағы көшелер жабылған. Жергілікті әуежай рейстарды кейінгі қалдырды. Авиациялық қауіпсіздік өкілдері терминалдарда тексеріс жұмыстарын күшейткен.


БАҚ беттерінде күдікті Брентон Тарранттың суреті жарияланды

Кейін Жаңа Зеландияның премьері күдіктінің расында да Аустралия азаматы екенін растады. Сондай-ақ,  премьер-министр Джасинда Ардерн осы оқиғаға байланысты төрт адам ұсталғанын айтты. Оның айтуынша, күдікті Таррантаның екі сыбайласы болған. Ал төртінші ұсталған күдіктінің бұл жағдайға қатысы жоқ екен.

Қаскүнем Брентон Таррант мешіттердің біріне жасаған шабуылын әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирден көрсеткен.

Жаңа Зеландияның полицейлері қаскүнемнің түсірген видеосын жарияламауды сұраған. Мешіттегі адамдардың бірі шабуыл кезінде қашу үшін шыны есіктерді бұзған. Тірі қалғандардың бірі лаңкестен тығылу үшін орындықтың астына жасырынғанын айтқан. 

Премьердің баспасөз мәслихаты аяқталуға жақын қалған кезде Оклендтегі вокзалда жарылыс болған. Айта кетейік, Окленд қаласы шабуыл жасалған Крайстчерчтен мың шақырым қашықтықта орналасқан. Кейін ол жарылыстың себебі анықталды.   

Осыған дейін Жаңа Зеландияда жаппай адам өлтіру оқиғасы 1990 жылы болған екен, ол кезде Арамоана ауылында бір қаскүнем 24 сағаттың ішінде 13 ер адам мен әйел адамды және баланы өлтірген. Кейін полицейлер оның көзін жойған. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 529.94  course up  546.67  course up  5.21  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer