Жаңа Зеландиядағы екі мешітте оқ жаудырған күдікті 51 адамды өлтіргенін мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа Зеландиядағы екі мешітте оқ жаудырған күдікті 51 адамды өлтіргенін мойындады Видео кадрынан

2019 жылы наурызда жаңазеландиялық Крайстчерчте теракт жасаған аустралиялық Брентон Таррант 51 адамды өлтіргенін мойындады, - деп хабарлайды New Zealand Herald.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2019 жылы наурызда жаңазеландиялық Крайстчерчте теракт жасаған аустралиялық Брентон Таррант 51 адамды өлтіргенін мойындады, - деп хабарлайды New Zealand Herald.

29 жастағы күдікті мұндай мәлімдемені Крайстчерчтегі арнайы сот отырысында айтты. Түрмеде отырған ол отырысқа бейнебайланыс арқылы қатысты. Бұған дейін ол бір жыл бойы тағылған барлық айыпты мойындамаған еді.  

Таррант Жаңа Зеландияда сотталған алғашқы террорист болады. Үкімнің қашан шығатыны белгісіз. 

Тікелей эфирде оқ жаудырған. Жаңа Зеландиядағы оқиға

Еске салайық, 2019 жылы 15 наурызда Крайстчерчтегі (Оңтүстік арал, Жаңа Зеландия) екі мешітте атыс болып, 51 адам қаза тапқан және 50-ге жуық адам зардап шеккен еді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети