01 қазан 2024 | 09:15

Жапония үкіметі отставкаға кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сигэру Исиба. Фото: x.com/shigeruishiba Сигэру Исиба. Фото: x.com/shigeruishiba

Жапония үкіметі отставкаға кетті. Ел парламенті жаңа премьер-министрдің кандидатурасы бойынша дауыс беруге дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.


Жапония үкіметі отставкаға кетті. Ел парламенті жаңа премьер-министрдің кандидатурасы бойынша дауыс беруге дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысы парламентке партиялар ұсынған кандидаттардың көпшілік дауысымен сайланады. Әдетте бұл партия жетекшілері. Осылайша парламенттегі көпшілік орынға ие болған партия басшысы премьер-министр болады.

БАҚ мәліметінше, либерал-демократиялық партия мен "Комейто" партиясының құрамындағы басқарушы коалиция Парламенттің екі палатасында да көпшілік орынға ие болғандықтан, өткен аптада ЛДП басшысының сайлауында жеңіске жеткен Жапонияның 102-ші премьер-министрі Сигэру Исиба болады. Ол сейсенбіде жаңа үкімет құрады деп күтіледі, оны сол күні кешке Жапония Императоры Нарухито бекітеді.

Сондай-ақ, 9 қазанда парламенттің төменгі палатасы таратылады, ал кезектен тыс жалпы сайлау 27 қазанға белгіленеді деп күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 484.48   531.35   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети