Әлемдегі ең қарт ер адам 112 жасында Жапонияның Нагоя қаласында орналасқан ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости елдің денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту министрлігіне сілтеме жасап.

Ғасырдан астам уақыт өмір сүрген Ясутаро Койдэ 1903 жылы 13 наурызда дүниеге келген. Жапониядағы ең қарт адам енді 111 жасқа келген Масамицу Есида болады.
Еске сала кетейік, 2015 жылдың 1 сәуірінде Жапониядағы ең қарт әйел Мисао Окава өмірден өткен болатын. Окава 1898 жылы 5 наурызда дүниеге келген және ол 2013 жылы жер бетіндегі жасы ең үлкен адам 116 жастағы Дзироэмон Кимура өмірден өткеннен кейін Гиннестің рекордтар кітабына жер шарының ең егде тұрғыны ретінде тіркелді. Оның үш баласы, төрт немересі мен алты шөбересі бар. Ол өмірінің соңғы жылдарын Осака қаласындағы қарттар үйінде өткізді.