01 қыркүйек 2020 15:11

Жапонияда жойқын "Майсак" тайфуны соқты

Дәурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Оңтүстік жапон аралдарында жойқын "Майсак" тайфуны соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Yass Tribune агенттігіне сілтеме жасап.


Оңтүстік жапон аралдарында жойқын "Майсак" тайфуны соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Yass Tribune агенттігіне сілтеме жасап.

Тайфун салдарынан Окинава префектурасындағы 33 мыңнан аса үй жарықсыз қалған.

Ақпарат агеттігінің мәліметіне сәйкес, желдің жылдамдығы сағатына 180 шақырымға жетуі мүмкін. Кейбір аудандар су астында қалған. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Наха аралындағы халықаралық әуежай жергілікті уақыт бойынша 12 сағатқа жабылған.

"Окинавада қатты жел соғып, жаңбыр жауды", - деп хабарлайды Bloomberg QuickTake.

Басылымның мәліметінше, Оңтүстік Кореяда да ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланған. Себебі, жойқын тайфун елдің оңтүстігіне жақындап келеді. 2 қыркүйекте тайфун Оңтүстік Кореяға жетіп, кейін Қытайға жетуі мүмкін. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети