08 ақпан 2014 18:40

Жапонияда қалың жауған қардан 600-ден астам ұшақ ұша алмай қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет  Tengrinews.kz сайтының мұрағатынан алынды Сурет Tengrinews.kz сайтының мұрағатынан алынды

"Қар қалың жауғандықтан Жапонияда 601 ұшақ ұшу сапарын тоқтатты. Деректерге қарағанда, Жапонияда соңғы он жылда мұндай қалың қар түспеген" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИАНовости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Ұшу кестесінің өзгертілуі қазірге тек токиялық Ханэда әуежайына ғана қатысты. Нарита халықаралық әуежайы қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Метеорологтардың болжамына қарағанда, толассыз қар Токиода және басқа да аудандарда жексенбінің кешіне дейін толастамауы мүмкін. Болжам бойынша, қардың қалыңдығы 50 см-ға жетуі ықтимал. Сондай-ақ, кей аумақтарда жүрдек пойыздардың қатынауы да тоқтатылған. Кейбір қала маңындағы аудандарға қатынайтын пойыздар бір сағаттан бері тоқтап тұр. Токио мен оның маңындағы аумақтарда қар таңертеңнен бастап жауа бастаған. Бұған дейін Жапонияның ұлттық метеорология агенттігі соңғы 13 жылда Токио мен өзге де 23 ауданға бірінші рет апаттық ескерту жариялаған. Қазіргі уақытта кей аудандарда қардың қалыңдығы 10 см-дан асқан. Бұл соңғы 16 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Қатты жауған қардың кесірінен 326 адам әртүрлі жарақат алған. Көп жағдайда адамдар тайып жығылып, зардап шеккен. Он шақты адамда сүйек сыну, ми шайқалу жағдайы орын алған. Жол-көлік оқиғалары салдарынан екі адам қаза болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети