15 мамыр 2020 15:09

Жапонияда карантин кезінде суицид санын азайды - зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Жапонияда карантин кезінде суицид санының айтарлықтай төмендеуі байқалды, - деп хабарлайды The Guardian.


Жапонияда карантин кезінде суицид санының айтарлықтай төмендеуі байқалды, - деп хабарлайды The Guardian.

Бастапқыда билік өкілдері психикасы әлсіз адамдардың күрт өзгерген жұмыс режиміне үйренісе алмауы мүмкін деп алаңдаған болатын. Алайда, сәуір айында елде ересектер арасында өз-өзіне қол жұмсағандардың саны 2019 жылдың сәуірімен салыстырғанда 20 пайызға төмендеді. Бұл соңғы бес жылдағы ең үлкен көрсеткіш.

Суицид бойынша телефондық кеңес беру қызметтері федерациясының бұрынғы басшысы Юкио Саитоның айтуынша, ел дағдарысқа ұшырап, табиғи апаттармен күресіп жатқанда ересек адамдар "өз-өзіне қол жұмсауды ойламайды". Мысал ретінде ол 2011 жылғы болған ірі жер сілкінісі мен цунами кезіндегі оқиғалар санын келтірді. 

Өзіне қол жұмсауға әрекет ететіндердің азаюына тағы бір себеп кеңседегі стресстік жұмыспен байланысты. Жапонияда адамдар көп сағат жұмыс істейді, түнге дейін қала береді. Ал карантин кезінде үйде және аз уақыт істегендіктен, стресс те аз.

Сонымен қатар, балалар арасында суицид саны айтарлықтай қысқарды. Осы кезде Жапонияда оқу жылы басталады. Алайда биыл оқу уақытының ауысуына байланысты жақсы өзгерістер байқалды.

Бұған дейін Жапонияда дәрігерлерді коронавирустан қорғаудың ерекше тәсілі табылғаны хабарланған болатын. Вирус жұқтырғандарға ауруханаларда роботтар қызмет көрсетеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети