Жээнбеков 2023 жылы президент қызметінен кетуге уәде берді

19 Желтоқсан 2018, 13:41
0
Жээнбеков 2023 жылы президент қызметінен кетуге уәде берді - Сооронбай Жээнбеков.
Сооронбай Жээнбеков.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 2023 жылы өкілеттігінің мерзімі аяқталған соң мемлекет басшысы қызметінен кетуге ниетті екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"2023 жылдан кейін президент болып, елді басқару міндеті тұрған жоқ, алты жылдан кейін кеткім келеді", - деді Жээнбеков баспасөз мәслихаты барысында.

Президенттің айтуынша, ол тағы бір мерзімге cайланғысы келмейді.
 
"Тағы бір мерзімге сайланғым келсе, ол саяси бәсекелестік болып кетеді", - деді Жээнбеков.

Сондай-ақ, Қырғызстан президенті келесі мемлекет басшысының жұмысына да араласу жоспарда жоқ екенін айтты. "Қызметтен кетемін және келесі президентті үйретпеймін, ол өзі ойлануы керек", - деді Жээнбеков.

Еске сала кетейік, Сооронбай Жээнбеков былтыр қазанда Қырғызстандағы президент сайлауында 54,75 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен болатын.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай