29 қаңтар 2022 13:45

Желі қолданушылары Қырғызстан мен Қазақстанның олимпиада формасын салыстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: 24.kg Фото: 24.kg

Әлеуметтік желі қолданушылары Бейжіңдегі қысқы Олимпиадаға қатысатын Қырғызстан мен Қазақстан құрамаларының мүшелеріне тігілген форманы салыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 


Әлеуметтік желі қолданушылары Бейжіңдегі қысқы Олимпиадаға қатысатын Қырғызстан мен Қазақстан құрамаларының мүшелеріне тігілген форманы салыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желілерде Бейжіңге баратын делегация өкілдерінің салтанатты формасының суреттері жарияланды. Қырғызстандықтарды оның стилі ғана емес, түсіне де таңғалды. 

"Айырмашылықты сезіп көріңіз", - деп жазған қолданушылар сурет сипаттамасына. 

Елдің Ұлттық Олимпиада комитеті өкілдері спортшылардың формасын Қырғызстан ҰОК серіктесі - қытайлық Tectop компаниясы тегін ұсынғанын хабарлады. ҰОК пен Tectop 2018 жылдан бастап серіктес, ал Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының формасына 2021 жылдың жазында жарыстарға дайындық кезінде тапсырыс берілген.

Спортшылардың салтанатты формасы Токиодағы жазғы Олимпиадада да талқыға түскен еді. Қырғызстандықтарға форманың спорттық киімге емес діни қызметкерлердің дәстүрлі киіміне ұқсайтыны ұнамаған болатын. Бағасы да бір жиынтыққа 95 мың сом шыққан.

Еске салайық, Бейжіңдегі қысқы Олимпиада 4-20 ақпан аралығында өтеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети