06 тамыз 2020 11:05

Желі пайдаланушылары "тірі" етті көріп, шошып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Twitter желісінде "қозғалатын" ет түсірілген видео танымал болды, - деп хабарлайды TengriMIX


Twitter желісінде "қозғалатын" ет түсірілген видео танымал болды, - деп хабарлайды TengriMIX

Twitter желісінде Yo! Artist парақшасында "қозғалатын" еттің видеосы жарияланды. Пайдаланушы қыз анасы етті көргенде қорыққанын және бұл еттен ас әзірлеуден бас тартқанын жазды. Бірақ Желінің басқа пайдаланушылары кейде ет осылай "қозғалатынын" айтады. Олардың біреуі бірнеше жылдан бері Құрбан айтта қой сойып жүргенін және осындай реакция болатынын жазды. Мұндай процесс 2-3 сағатқа дейін созылуы мүмкін.

Жазба астында биологтар да пікір қалдырды. Олар мұны миозин ақуызы мен актин арасындағы реакция деп түсіндірді. Ағза тірі болмаса да, ақуыздардың қалдығы жұмыс істей беретінін айтты.

Пайдаланушылар балықты кескенде де солай болатынын жазды және қыздың анасына базарға барып, балық кестіріп көруге кеңес берді. Сол кезде анасы балықтың қалай "қозғалатынын" өз көзімен көре алады және қорықпайтын болады, дейді пікір білдірушілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети