23 тамыз 2021 10:49

Желіде Мексика шығанағындағы жарылыстың видеосы жарияланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: twitter.com/NewsForAllUK Фото: twitter.com/NewsForAllUK

Желіде мексикалық Petroleos Mexicanos (Pemex) компаниясының мұнай өндіру платформасында болған жарылыс видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде мексикалық Petroleos Mexicanos (Pemex) компаниясының мұнай өндіру платформасында болған жарылыс видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарылыс болған Платформа Мексиканың Сьюдад-дель-Кармен қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан.

"Pemex мәліметінше, сағат 16.30 шамасында Кампече аймағында орналасқан Ku-Maloob-Zaap өндірістік кешенінің E-Ku-A2 платформасында шыққан өрт оқшауланды", - делінген компанияның Twitter-парақшасында.

Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға газ бен мұнайды басқа мұнай нысандарына тарату орталығында болған.

Ku-Alpha теңіз платформасы Ku Maloob Zaap ірі кешенінің құрамында жұмыс істейді. Бұл Pemex компаниясының ең ірі шикі мұнай өндірушісі. Мұнда күнделікті өндірілетін 40 миллион баррелдің 1,7 пайызынан астамы өндіріледі.

Шілденің басында осы мұнай өндіру кешеніндегі Ku-Charly платформасында су астындағы газ құбырының бұзылуына байланысты өрт болды. Алдын ала ақпарат бойынша, өрттің себебі теңіз платформалары арасындағы құбырдың 78 метр тереңдіктегі реттеуші клапанынан көмірсутек шыққан. Өрт дер кезінде сөндіріліп, ешкім зардап шеккен жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети