26 наурыз 2017 12:07

Желіде Трамптың жақтастары мен қарсыластарының төбелесі түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде АҚШ президенті Дональд Трамптың жақтастары мен қарсыластарының төбелесі түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды РИА Новости Los Angeles Times басылымына сілтеме жасап.


Желіде АҚШ президенті Дональд Трамптың жақтастары мен қарсыластарының төбелесі түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды РИА Новости Los Angeles Times басылымына сілтеме жасап.

Төбелес Калифорния штатындағы Хантингтон-Бич қаласында болған. Белгісіз біреу қара түсті бетперде киіп алып, АҚШ президентін қолдауға арналған акцияның ұйымдастырушысына ішінде бұршақ бар баллонды бетіне шашып жіберген. Осылайша, Трамптың жақтастары мен қарсыластары арасында төбелес болған.

Төбелес салдарынан екі адам зардап шеккен. Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, полицейлер алты адамды қамауға алған.

Айта кетейік, бұл Трамптың жақтастары мен қарсыластары арасында болған бірінші дау емес. Трамп АҚШ президенті болып сайланғаннан бері елде осындай қақтығыстар болып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети