Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Жоғалып кеткен ұшақ капитанымен құпия сөйлескен әйелді полиция іздестіруде

23 Наурыз 2014, 15:26
0
Фото planespotters.net сайтынан алынды
Фото planespotters.net сайтынан алынды
Жоғалып кеткен Malaysia Airlines ұшағына байланысқа шыққан әйелді полиция іздестіру үстінде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Daily Mail-ға сілтеме жасап. Құқық қорғау органдары таратқан мәліметке қарағанда, MH370 рейсінің капитаны Захари Ахмад Шах ұшудан екі минут бұрын ғана белгісіз біреумен телефон арқылы хабарласқан. Белгілі болғанындай іздестіріліп жатқан әлгі әйел капитанмен сөйлесерде Куала-Лумпурдағы дүкендердің бірінен жалған құжаттар арқылы сатылып алынған SIM-картаны пайдаланған екен.

Атап өтерлігі Малайзияда SIM-картаны жеке куәлік немесе төлқұжатсыз сатып алуға рұқсат етілмейді. Бұл талапты Малайзия билігі 2001 жылы Нью-Йоркте орын алған ланкестік әрекеттен кейін енгізген болатын. Айта кетейік, бүгінге дейін ұшақ капитанына ұшпай тұрып хабарласқан адамдардың барлығынан жауап алынып үлгерілген. Белгілі болғанындай жоғалған ұшақ капитаны әйелінен де жауап алынатын болып шешіліпті. Тергеушілер, екі апта ішінде әліптің артын бағып, кейбір мәліметті кейінірек хабарлауға уағдаласқан. Алайда АҚШ федералды тергеу бюросы (ФТБ) агенттерін малайлық әріптестерінің жайбасарлығы қанағаттандырмаса керек. Олар Шахтың әйелін сұрақтың астына алып, капитанның психологиялық жағынан денінің саулығы туралы ақпаратты тезірек алуды талап етуде. БАҚ мәліметінше ерлі-зайыптылар сәл бұрынырақта ажырасқанымен, соңғы уақыттарда бірге тұрып жатқаны және олардың үш баласы бар екені белгілі болған.

Тағы белгілі болғаны ұшақ капитаны Малайзия оппозициясы көшбасшыларының бірі Анвар Ибрагимовтың жақын туысы екені. БАҚ мәліметі бойынша, капитан әуежайдан ұшпас бұрын Ибрагимді 5 жылға бас бостандығынан айырған сот процесіне де қатысуы мүмкін деген болжам айтылуда. ФТБ-ге жоғалған ұшақты басқарған Ханның компьютерлік бағдарламалар арқылы ұшақты қауіпті жағдайда қондыру тәсілдерін үйрегені белгілі болып отыр.

Еске саламыз, Малазияның қорғаныс министрі Хидшаммуддин Хуссейн бұған дейін қытайлық кемелер Үнді мұхитындағы іздестіру зонасының оңтүстік дәлізіне жіберілгенін айтқан болатын. Соңғы ақпараттар бойынша, ол жерлерден жоғалып кеткен Boeing 777 ұшағының бөлшектеріне ұқсас заттар табылған. Еске саламыз, жоғалған ұшақ 2014 жылы наурыздың 8-інен бастап іздестірілу үстінде. Ол ұшақта 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған. Malaysian Airlines рейсі Куала-Лумпур мен Бейжің арасына қатынап тұрған. Ұшақпен соңғы рет байланыс орнағанда Малайзияның шығыс жағалауынан 220 шақырым қашықтықта болған.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай