19 тамыз 2019 17:51

Жөтелінің себебін білгеннен кейін 16 күн өткенде қайтыс болды

© РИА Новости © РИА Новости

Ұлыбританиялық азамат жөтелінің себебін білгеннен кейін 16 күн өткенде қайтыс болған. Тревор Уокердің үздіксіз жөтелінің себебі ішектің қатерлі ісігі болып шыққан, - деп хабарлайды РИА Новости.


Ұлыбританиялық азамат жөтелінің себебін білгеннен кейін 16 күн өткенде қайтыс болған. Тревор Уокердің үздіксіз жөтелінің себебі ішектің қатерлі ісігі болып шыққан, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ұста болып қызмет еткен ер адамды екі ай бойы жөтел мазалаған. 56 жастағы Уокердің отбасы әуелі ол жай ғана вирус жұқтырып алған деп ойлаған. Алайда дәрігерлер оның ішегінде ісік бар екенін анықтаған. Ол тез таралып, өкпеге өткен. Дәрігерлер оның өмір сүруіне шамамен үш апта қалғанын айтқан. Уокер диагнозын білгеннен кейін 16 күннен кейін қайтыс болған. 

Уокердің әйелінің сөзінше, ол салауатты өмір салтын ұстанған. 30 жыл бұрын темекі шегуді тастап, ішімдікті өте аз мөлшерде қолданған. 

Әйелінің айтуынша, Уокерде жөтелден бөлек қауіпті аурудың белгісі байқалмаған.  

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети