20 қазан 2018 16:03

Жүкті Меган Маркл патшайымның тілектеріне бағынуды қойды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сассекс герцогинясы Меган Маркл жұбайы Ханзада Гарримен аустралиялық тур кезінде корольдік киім кию үлгісін бұзды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "The Sun" сайтына сілтеме жасап.


Сассекс герцогинясы Меган Маркл жұбайы Ханзада Гарримен аустралиялық тур кезінде корольдік киім кию үлгісін бұзды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "The Sun" сайтына сілтеме жасап.

Жүкті Маркл Сидней маңындағы Бонди жағажайында испаниялық Castaner брендінің қара эспадриль-туфли танкеткасымен көрінді. Алайда Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаға танкеткалы туфлидің ұнамайтынын король отбасындағы барлық әйел біледі, оның ішінде ханзада Гарридің жары да бар.

Сондай-ақ, герцогиня аустралиялық дизайнер Мартин Гранттың ұзын зәйтүн көйлегін киген, ол ресми сайтта 1414 долларға сатылады.

Меган Маркл корольдік киім кию үлгісінің ережесін алғаш рет бұзып отырған жоқ. Тамызда ол күйеуімен "Виктория Палас" театрына ашық көйлекпен келген. 37 жастағы Маркл "Гамильтон" мюзиклының арнайы көрсетіліміне канадалық Judith & Charles брендінің қара пиджак секілді мини көйлегін таңдаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети