Жылқы етін жеген 18 жастағы норвегиялық қыз жұрттың өшпенділігін туғызды

17 Қазан, 10:00
1
Жылқы етін жеген 18 жастағы норвегиялық қыз жұрттың өшпенділігін туғызды - © nrk.no
© nrk.no

Норвегиялық 18 жастағы Пиа Ольден әлеуметтік желідегі парақшасында өз жылқысын жеп қойғанын жазғаннан кейін интернет қолданушылары оған қоқан-лоқы көрсете бастады, - деп жазады ИноСМИ

Бойжеткен өзінің тағамын бір апта бұрын Facebook-парақшасында жариялаған. Жазба астында бірден норвегиялық, орыс, француз және испан және басқа да тілдерде өшпенділікке толы пікірлер жазылған. 

"Көбі менің есалаң екенімді жазып жатыр, ешқашан балам болмайды деп үміттенетіндерін, маған жануар ұстауға тыйым салу керек екенін жазады", - дейді Ольден NRK телеарнасына. 

"Әлемдегі 18 жастағылар ішінде ең жек көрініштісі мен шығармын", - дейді ол. 

Пиа ешнәрсеге өкінбейтінін айтады. 

"Газеттерде мен бір күні қарны ашқан соң атқораға барып, жылқысын өлтіріп тастаған салқынқанды қанішермін", - дейді Ольден. 

Норвегиялық қыздың айтуынша, жылқының жарақаты болған. Оны емдеу мүмкін емес екен, жануар қиналып жүрген соң, жалғыз таңдау - оны ұйықтату болды дейді жылқының қожайыны.

"Өкінішке қарай, жылқыны ұйықтатып тастадық. Оған дәрі аз берілген соң етін тағам ретінде пайдалануға болады. Бұл оңай шешім болған жоқ. Қасапханаға жылап бардым, сол жақта да, үйге де жылап келдім. Оны - жоғары сапалы етті көміп тастау немесе лақтыру дұрыс емес деп ойладым", - дейді ол. 


Пиа Ольден. © nrk.no

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай