26 тамыз 2021 20:28

Кабул әуежайы маңында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Ауғанстандағы Кабул әуежайының маңында жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Ауғанстандағы Кабул әуежайының маңында жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты Пентагон өкілдері растап отыр. БАҚ мәліметі бойынша, жанкешті өзін жарып жіберген.

"Біз Кабул әуежайының шетіндегі жарылысты растай аламыз. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жоқ. Біз мүмкін болған кезде қосымша ақпарат береміз", - деп жазды Пентагон өкілі Джон Кирби Twitter-дегі микроблогында.

Ал кейінірек, Al Jazeera агенттігі жарылыстан кем дегенде 10 адам қайтыс болғанын хабарлады. Ал зардап шеккендер ішінде үш америкалық сарбаз бары айтылады.

Бұған дейін Ұлыбритания Қорғаныс министрінің орынбасары Джеймс Хиппи Кабул әуежайына шұғыл шабуыл туралы ескерткен болатын. Ол елордада "бірнеше сағат ішінде" болуы мүмкін "елеулі" қауіп туралы "өте сенімді" хабарламалар келіп түскенін мәлімдеді.

Бірқатар ел өз азаматтарына Ауғанстан астанасының әуежайында террористік шабуылдың жоғары қаупі барын  ескертті. Атап айтқанда, Аустралия, АҚШ және Ұлыбритания өз азаматтарына ескерту жасады.

"Талибан" басты лауазымдарға ардагерлерді тағайындады - БАҚ

Еске салайық, "Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған) 15 тамызда Ауғанстанда билікті басып алған. Қазір мемлекеттік басқару тетігіне қатысты мәселе шешіліп жатыр. "Талибанға" қарсылық көрсетіп жатқан жалғыз ошақ - Ахмад Масуд басқарған жасақтар орналасқан Панжшер провинциясы.

Ауғанстан астанасының әуежайы арқылы шетелдіктер мен олармен жұмыс істеген жергілікті тұрғындарды эвакуациялау жалғасып жатыр. Бірнеше адам ұшаққа жармасып, құлап қаза болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети