Кабулда бір топ әйел құқығын талап етіп, көшеге шықты

viewings icon 1426 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: twitter.com/S7RZ Фото: twitter.com/S7RZ

Ауғанстанның Кабул қаласы көшелерінде бірнеше әйел құқығын талап етіп, акция өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ауғанстанның Кабул қаласы көшелерінде бірнеше әйел құқығын талап етіп, акция өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Хиджап киген әйелдер үнқағаз ұстап, көшелерде жүріп өткен, сосын тоқтап, талаптарын айғайлап айтқан. Олар тәліптерден (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес қозғалысқа Қазақстанда тыйым салынған) саяси және азаматтық құқықтарды, сондай-ақ, әйелдер құқығын құрметтеуді талап етті.

Агенттік олардың акциясына ешкім кедергі болмағанын, қарсы әрекет жасалмағанын хабарлады.

Мұның алдында Ауғанстанда мұғалімдер мектеп оқушыларымен қоштасқаны хабарланған. Оған себеп - "Талибан" террористік тобының содырлары қыздарға білім алуға тыйым салу мүмкіндігі. 

Еске салайық, 15 тамызда "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның астанасы Кабулды басып алып, президент сарайына басып кірді. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті. Талибан Ауғанстан Ислам Әмірлігін құруға ниет білдірді. Кабул әуежайында дүрбелең басталды - Ауғанстаннан шығудың жалғыз жолы. Мыңдаған адам елден кету үшін, Кабул әуежайындағы әскери ұшаққа жармасты

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Ауғанстаннан босқындарды қабылдайтыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауғанстаннан келген босқындарға қатысты шешім қабылдамағанын айтты. 

Қазақстан Ауғанстаннан келетін студенттерге қандай қолдау көрсете алады?

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы оқиғаларға байланысты кеңес өткізген болатын. Бірінші күні Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік құрылымдардың қызметін үйлестіруді тапсырғанын айтты. Ал екінші күні Президент бейінді ведомстволарға Ауғанстандағы жағдайды жан-жақты бақылауды жалғастыруды тапсырды, бұл осы елмен кейінгі ынтымақтастыққа қатысты шешімдер қабылдау үшін аса маңызды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
16°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro