Кабулда жанкешті өзін жарып жіберді: 24 адам қаза тауып, 42-сі жараланды 24 шілде 2017, 12:00

Ауғанстан Ішкі істер министрлігі Кабулда жарылыс салдарынан 24 адам қаза тауып, 42-сі жараланғанын жариялады. Барлық зардап шеккендер - бейбіт тұрғындар, - деп хабарлайды РИА Новости 1TV телеарнасына сілтеме жасап.
Жанкештінің автомобилі дүйсенбіде таңғы уақытта Кабулдың алтыншы полицейлер ауданында жарылды.
Оқиға орнына көптеген жедел жәрдем келгені айтылады.