26 тамыз 2021 22:57

Кабулдағы жарылыстан 40-тан аса адам қаза тапты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Кабулдағы әуежайдың жанында бір емес, екі жарылыс болды. Бұл туралы FoxNews, сондай-ақ, Түркия Қорғаныс министрлігі хабарлады. Жарылыстан 100-ден астам адам зардап шегіп, 40-тан астам адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Кабулдағы әуежайдың жанында бір емес, екі жарылыс болды. Бұл туралы FoxNews, сондай-ақ, Түркия Қорғаныс министрлігі хабарлады. Жарылыстан 100-ден астам адам зардап шегіп, 40-тан астам адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, бірінші жарылыс әуежайда, екіншісі америкалықтар құтқару операциясына жиналған жақын маңдағы Барон қонақ үйінің жанында болған.

Жарылыстарды ДАИШ (ИШИМ - Қазақстанда тыйым салынған ұйым) жақтаушылары ұйымдастырды деген болжам бар.

"Талибан" қозғалысы өкілдерінің мәліметтері бойынша (Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынады) бірінші жарылыстан кейін кемінде 13 адам, оның ішінде балалар қаза тапқан, тәліптер арасында жараланғандар да бар. Сондай-ақ, Al-Jazeera телеарнасы 50-ден астам адам жараланғаны туралы мәлімет берді. 

Еске салайық, "Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған) 15 тамызда Ауғанстанда билікті басып алған. Қазір мемлекеттік басқару тетігіне қатысты мәселе шешіліп жатыр. "Талибанға" қарсылық көрсетіп жатқан жалғыз ошақ - Ахмад Масуд басқарған жасақтар орналасқан Панжшер провинциясы.

Ауғанстан астанасының әуежайы арқылы шетелдіктер мен олармен жұмыс істеген жергілікті тұрғындарды эвакуациялау жалғасып жатыр. Бірнеше адам ұшаққа жармасып, құлап қаза болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.04   490.7   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети