30 наурыз 2015 15:53

Камбоджадағы митингте 800 адам бутербродтан уланды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Cambodiadaily.com ©Cambodiadaily.com

World Vision International діни ұйымының Камбоджаның Сиемреал елді мекенінде балалардың еңбек етуіне наразылық митингінде сегіз жүзден астам адам шошқа еті және маринадталған қияр қосылған бутербродтардан уланды, - деп хабарлайды Cambodia Daily газеті. 

Оқиға сенбі күні болды, бірақ дүйсенбі күнгі таңғы уақыт жағдайында 120-дан астам адам "тамақтан улану" диагнозымен ауруханада жатыр. Қалғандары медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.

"Кейбіреулерінің ағзасының нашарлағаны соншалық, денсаулығы күрт нашарлап, тұра алмайды", - деді World Vision ұйымының жергілікті өкілі газет тілшілеріне. Жаппай уланудан кейін жергілікті үкімет бутербродтарға арнайы алынған нан сататын наубайхананы жауып тастап, наразылық шарасын ұйымдастырушыларға тағам дайындауға жауапты болған жеке кәсіпкерді шақыртып алды. 

Кәсіпкер әйел адамдардың неден уланғанын білмейтінін айтты. "Мен ет пен қиярды өзім кестім, күдік шақыратындай ештеңе байқалмады", - деді ол. 

Елді мекенде қызмет ететін комиссия бұл істі тергегеннен кейін адамдардың наннан емес, қиярдан уланғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, маринадтаудың алдында қиярлар пестициттен тазартылмаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети