30 қаңтар 2017 11:27

Канадада мешітке шабуыл жасағандардың екеуі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 112.ua © 112.ua

Huffington Post Quebec газетінің мәліметінше, полицейлер шабуыл жасағандардың екеуін ұстаған, - деп хабарлайды РИА Новости. Алдын ала мәліметтер бойынша қылмыскерлер мешіттің бірінші қабатынан шабуыл жасаған, кейінірек біреуі екінші қабатқа шығып, сол жақтан атқан. 

Куәгерлердің айтуынша, оқиға кезінде мешіт ішінде шамамен 40 адам болған. Алдын ала мәлімет бойынша, атыс жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де құптан кезінде шыққан. Сондай-ақ, атысты үш қарулы адамның шығарғаны айтылады. Оқиға орнын полиция қоршауға алды.

Квебек полициясының басшысы Этьен Дойон бірнеше қаза тапқан адамдар туралы мәліметтерді растады, бірақ олардың кім екенін айтпады.

"Бүгін канадалықтар Квебектегі мешітке шабуыл жасаған қорқаулардың әрекетінен, зардап шеккен және соның құрбаны болған адамдарға аза тұтып жатыр. Мен қаза болғандар мен олардың отбасыларымен біргемін", - деді Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо Twitter желісіндегі парақшасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети