07 қыркүйек 2021 17:17

Канадада сайлау қарсаңында шеруге шыққандар ел премьерін таспен атқан

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Канада премьер-министрі Джастин Трюдоға сайлауалды науқан кезінде тұрғындар тас атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CTV News басылымына сілтеме жасап.


Канада премьер-министрі Джастин Трюдоға сайлауалды науқан кезінде тұрғындар тас атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CTV News басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Онтарио провинциясындағы сайлау науқаны аяқталған кезде болған. Трюдоның либерал партия жақтастарымен кездесуіне оның саясатына қарсы тұрғындар тобы, оның ішінде Канада Халықтық партиясының жақтастары да жиналған. Олар халықты COVID-19-ға қарсы мәжбүрлеп вакциналауға қарсы және канадалықтар құқығы мен бостандығын сақтауды талап етеді.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеодан автобусқа кіріп бара жатқан премьерге тастар ұшып жатқанын көруге болады. Сонымен қатар, наразылық білдірушілер саясаткер кеткенде, артынан айғайлаған. Қауіпсіздік қызметі саясаткерді автобусқа отырғызып алып кеткен.

Бұған дейін Трюдо 20 қыркүйекте Канадада кезектен тыс сайлау өткізілетінін жариялады және генерал-губернатор Мэри Саймонның сапарынан кейін парламентті тарату туралы ресми өтініш жасады, ол Ұлыбритания монархы - II Елизавета.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети