12 шілде 2018 14:03

Қарағанды облысының Cот сараптама институтының директоры пара алды деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қарағанды облысының Cот сараптама институтының директоры Жанат Ибатов пен оның орынбасары пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысының Cот сараптама институтының директоры Жанат Ибатов пен оның орынбасары пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл мәліметті ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин брифинг барысында мәлімдеді.

Жахиннің айтуынша, іс барысында күдіктілер қызметтік өкілеттігін қолдана отырып, өлген адамдардың туыстарын патоанатомиялық қызмет көрсететін жеке ұйымға жіберіп отырған. Олар бұл істі ақылы негізде жасаған.

"Осы іспен айналысқаны үшін Ибатов пен Нармағамбетов жүйелі түрде ұйымның басшысынан 35 мыңнан бастап 40 мың теңгеге дейін пара алған", - деді Нұрлан Жахин.

Оның айтуынша, олар кінәсін мойындағандықтан, күдіктілерге қатысты процессуалдық ұстау шарасы қолданылмады және қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети